Шымкенттік кәсіпкерлерге айыппұл салынды
Шымкенттік кәсіпкерлерге айыппұл салынды
140
оқылды

Шымкент қаласында 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мониторингтік топтар 251 рейдтік тексеру жүргізіп, 6 675 объект мониторингпен қамтылды.

Оның ішінде: 4 075 қоғамдық тамақтану орны, 2 097 коммуналдық нысан, 294 өнеркәсіп нысан, сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдерге арналған 209 нысан тексерілді. «Қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істеу режимінің сақталмауы, топтық іс-шаралардың өткізілуі, бетперде кию режимінің сақталмауы, рұқсат етілген келушілер санының сақталмауы жиі кездесуде. Мониторинг топ анықтаған заңбұзушылықтар бойынша 886 жауапты тұлғаға хаттама толтырылып, 52,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды», – делінген COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінде.