Атырауда несие кеңсесін тонаған күдікті ұсталды

Атырауда несие кеңсесін тонаған күдікті ұсталды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тонау дерегі 5 наурызда Атырау қаласында тіркелген.

«Күндізгі сағат  10:45 шамасында «102» операторына Вокзал маңы шағын ауданында орналасқан шағын несие кеңсесінің кассирі телефон соққан. Кассир медициналық бетперде киген белгісіз азаматтың сағат 10:30 шамасында пышақпен қорқытып, кассадағы 400 000 теңгені алып кеткенін хабарлады. Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, қылмыстың ізін суытпай 25 жастағы күдіктіні ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды»,– деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. Қазір күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 192-бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.