Алматы облысында белгісіз біреулер жол бойына малдың сүйегін шашып кеткен
Алматы облысында белгісіз біреулер жол бойына малдың сүйегін шашып кеткен
117
оқылды

Жергілікті жұрттың жағасын ұстатқан көріністің видеосы әлеуметтік желілерде жария болған. Аталмыш видео kaskelenkz Instagram-паблигінде жарияланған.

Бейнекадрлардан жолдың екі қапталында, әр-әр жерден ірі қара малдың  сүйегі үйіліп жатқаны көрінеді. Болжам бойынша жануарлардың сүйегі ірі қара малдікі болуы мүмкін. Ол видео Ұмтыл ауылдық округінде түсірілген екен. Осы оқиғаға байланысты Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме беріп, учаскелік қызметкердің оқиға орнына барғанын және видеодағы ақпараттың расталғанын мәлімдеді.

«Аталмыш оқиға Қарасай аудандық Полиция басқармасында тіркелді. Қазір құқық бұзушылардың жеке тұлғасын анықтауға бағытталған кешенді шаралар жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Құқық бұзғандардың жеке тұлғасы анықталғаннан кейін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша іс қозғалатын болады.