Курьер 12-қабаттан құлаған 2 жастағы қызды құтқарып қалған
Курьер 12-қабаттан құлаған 2 жастағы қызды құтқарып қалған
152
оқылды

Бұл жайында Daily Mail хабарлады. Көрші үйдің тұрғындары 2 жасар қыздың балконға өрмелеп, жоғарыға шыққалы жүргенін видеоға түсірген. Адамдар айқайлап, көмекке шақырды, бірақ бала құлап қалған.

Курьер Нгуен Нгок Ман осы сәтті пайдаланып, бірінші қабаттың күнқағарына көтеріліп, қолын созып тұра қалған.

«Көлікте едім, қарама-қарсы ғимараттағы клиенттім заттарын алып кетуін күтіп отырдым. Баланың жылағанын естіп, ата-анасы оны ұрып жатыр деп ойладым. Сөйтсем, құлағалы тұрған кішкентайды көрдім. Бірден қызым есіме түсті, осылайша, сәбиді құтқаруға тырыстым»,– деді ол.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, нәресте жақын маңдағы ұлттық балалар ауруханасына жеткізіліп, оған көмек көрсетілді. Осы уақытта жергілікті тұрғындар батыр деп таныған Нгуен Нгок Ман қолының сіңірі тартылып қалған.