Испаниядағы турнирде Қазақстан құрамасы алты медаль иеленді
Испаниядағы турнирде Қазақстан құрамасы алты медаль иеленді
Кастельонедегі (Испания) турнир қорытындысы бойынша жалпыкомандалық медаль саны бойынша бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы үшінші орынға ие болды. Қазақстандық боксшылар турнирде алты медаль жеңіп алды – бір алтын, бір күміс және төрт қола. Екінші орында бір «алтын» мен бес күмісті еншілеген Үндістан тұр. Ал Испания құрамасы төрт алтын мен бір күміс иеленіп көш бастады. Испания турниріндегі медаль саны: 1. Испания — 4-1-0 2 2. Үндістан — 1-5-0 3. Қазақстан — 1-1-4 4. Италия — 1-0-2 5. Пуэрто-Рико — 1-0-0 6. Дания — 0-1-0 7. Литва — 0-0-5 8. Франция — 0-0-3 9. Панама — 0-0-1 10. Румыния — 0-0-1.