Төрт облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Төрт облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
100
оқылды
ҚР ИИДМ баспасөз қызметі ауа райының қолайсыздығына байланысты шектеу қойылған автожолдарға қатысты ақпарат таратты. Ақпаратқа сәйкес, еліміздің төрт облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілген. Солтүстік Қазақстан облысында сағат 18:00-ден бастап ауа-райының нашарлауына байланысты (боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) бағыттағы автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Ақмола облысында сағат 18:00-ден бастап ауа-райының нашарлауына байланысты жолдағы автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді:
  • Көкшетау-Рузаевка »(0-61 км. учаскесі Көкшетау-Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы);
  • «Көкшетау-Омбы» (2-50 км. учаскесі Көкшетау-СҚО шекарасы);
  • «Нұр-Сұлтан-Петропавл» (304-341 км. Көкшетау учаскесі-Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).
Қостанай облысында 18:00-ден бастап ауа-райының нашарлауына байланысты автокөліктің барлық түрлеріне қозғалыс шектелді:
  • «Мамлютка-Қостанай» (180-250 км. Солтүстік Қазақстан облысының шекара учаскесі - Ұзынкөл ауылы);
  • «Екатеринбург-Алматы» (687-729 км. Сарыкөл елді мекені-Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні қаупіне байланысты сағат 20:00-ден бастап «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катон-Қарағай-Рахмановский жолында көліктердің барлық түрлеріне жол қозғалысына шектеу енгізілетіні туралы хабарланды.