Алматыда жүк көлігі әйел адамды қағып кетті
Алматыда жүк көлігі әйел адамды қағып кетті
5,116
оқылды
8 наурызда Алматыда Саин - Шаляпин көшелерінің қиылысында жол-көлік апаты болып, салдарынан әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz. КамАЗ жүк көлігі Шаляпин көшесі бойымен шығыс бағытта келе жатқан. Жүргізушінің айтуынша, ол алдыңғы дөңгелектерімен бірдеңені басып кеткенін сезіп, бірден тежегішті басқан. Артқы көрініс айнасына қарап, дөңгелегінің астынан адамның аяғы шығып тұрғанын көрген. Жүргізуші дереу жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырған. Келіп жеткен дәрігерлер әйел адамның сол жерде жан тапсырғанын хабарлады. Белгілі болғандай, КамАЗ алдыңғы және ортаңғы дөңгелектерімен адамды басып кеткен. Жүргізуші әйедің қайдан келіп қалғанын да білмейді. Жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын полиция қызметкерлері зерттеп жатыр. Криминалистік топ сол жерде жұмыс істеуде. Табылған құжаттарға қарағанда, әйел 1963 жылы дүниеге келген.