Головкин мен мексикалық боксшы арасындағы кездесу мамырда өтпейтін болды
Головкин мен мексикалық боксшы арасындағы кездесу мамырда өтпейтін болды
5,114
оқылды
Бірінші орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Хайме Мунгия (36-0, 29 КО) келесі жекпе-жегін орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкинге (41-1-1, 36 КО) қарсы өткізбейтін болды, – деп хабарлайды ESPN. Биыл мамырда Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін болған Мунгия 24 сәуірде рингке оралады. Ол Головкиннің орнына, америкалық Димитриус Баллардпен (26-0-1, 13 КО) кездеседі. Бұған дейін инсайдерлер Мунгия мен Головкиннің командалары келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлаған, ал кейбір командалар 7 мамырда жекпе-жек өткізуге келіскенін мәлімдеген. Енді бұл жекпе-жек таяу уақытта өтпейтін болды. Геннадий Головкин мен Мунгия 2018 жылы-ақ кездесуі мүмкін еді. Ол кезде Невада штатының комиссиясы 24 жастағы боксшының мұндай дәрежедегі жарыста өнер көрсетуі үшін тәжірибесі жеткіліксіз деп тапты.