Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, 8 наурыз сағат 22:45-те Қостанай облысында ауа райына байланысты жолда барлық көліктердің жүруіне тыйым салынды.
Атап айтқанда:- «Екатеринбург – Алматы» автожолының 686-729 шақырымы, Сарыкөл ауылы мен СҚО шекарасы.
- «Екатеринбург – Алматы» жолының 466-540 шақырымы, Федоровка ауылы мен Қостанай қаласының аралығы.
- «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» трассасының 108-232 шақырымы, Әулиекөл ауылы мен Ақмола облысының шекарасы.
- «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» тасжолының 232-260 шақырымы, Қостанай облысының шекарасы мен Сұрған ауылының аралығы.
- «Жезқазған – Петропавл» тасжолының 537-552 шақырымы, Бұзылық пен Сұрған ауылының аралығы.
- «Жақсы – Есіл-Бұзылық» 70-82 шақырымы, Ақсай мен Бұзылық ауылының аралығы.