Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.
Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының Түркістан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімі Шымкент қаласының Экология департаменті, табиғатты қорғау полициясы және ветеринарлық қызмет өкілдерімен бірге өзенге барды. Мамандар зерттеу жүргізу үшін су мен балықтан сынама алды.Кеше Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының цемент зауыты ауданында инспекция қызметкерлері 20 келі маринка балығын жинады. Өлі балықтарды жинау жалғасып жатыр.«Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС Арал филиалының болжамынша, жаңбыр мен су тасқыны салдарынан судың сапасы мен температурасы өзгерген. Бұл жағдай балықтарға кері әсер етеді. Нақты себебін зертханалық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады.