Бүгін Қостанайда оқушылар мектепке бармайды

Бүгін Қостанайда оқушылар мектепке бармайды

Қостанай қалалық білім бөлімінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты осындай шешім қабылданған.

«Ауа райының қолайсыздығы мен боранға байланысты 9 наурыз күні бірінші ауысымда оқитын оқушылар қашықтан оқу режиміне ауысады» делінген хабарламада.

Синоптиктер бүгін Қазақстанда ауа райы құбылмалы болатынын айтты.