Алматының 3 ауданында екі күн су болмайды
Алматының 3 ауданында екі күн су болмайды

«Алматы судың» хабарлауынша, 10 наурызда Медеу ауданында сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін суық су берілмейді.

11 наурыз күні Алмалы ауданында, Мақатаев – Райымбек – Қожамқұлов – Сейфуллин көшелері мен Жетісу ауданының Райымбек – 2 Гончарная – Қазыбаев – Лобаческий – Ақбаев – Сейфуллин көшелерінің аумағында су беру тоқтатылады.

«Су жаңа су құбырды іске қосуға байланысты уақытша тоқтатылады. Денсаулық сақтау, білім беру, өзге де әлеуметтік сала ғимараттарына су автоцистерналармен жеткізіледі», – деді «Алматы су» мекемесінің өкілдері.