Мектепте асық ату, тоғызқұмалақ пен күрестен сабақ өткізіледі
Мектепте асық ату, тоғызқұмалақ пен күрестен сабақ өткізіледі

Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген Премьер-министр Асқар Мамин айтты.

«Бүгінде спорт үйірмелеріне балалардың 40 пайызы қатысады. Ауылда да спортты дамытуға назар аударамыз. Мәселен, 2023 жылға дейін шамамен 159 ауыл мектебінде спортзал салу жоспарда бар», – деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша, мектеп оқушыларының денсаулығы мен тәлім-тәрбиесіне ұлттық спорт түрлерінен сабақ өткізу пайдалы.

«Қазіргі уақытта Мәдениет және спорт министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық атуды болашақта мектеп бағдарламасына қосу және міндетті сабақ ретінде өткізу үшін әдістеме әзірлеп жатыр», – деді Асқар Мамин.