Қазақстан рейтингте алдыңғы қатарлы 100 елге жете алмады
Қазақстан рейтингте алдыңғы қатарлы 100 елге жете алмады
141
оқылды

Ranking.kz-тің мәліметінше, БАӘ-де интернеттің жылдамдығы – секундына 183,03 мегабит. Сонымен қатар Оңтүстік Корея, Қатар, Қытай, Сауд Арабиясында да интернеттің жылдамдығы жоғары.

Қазақстан әлем бойынша 103-орында. Мобильді интернеттің жылдамдығы секундына – 20,15 мегабит. Қазақстан мен Қырғызстан – интернет жылдамдығы бойынша Орталық Азия елдері арасында алдыңғы қатарда тұрған елдер.

Бұған дейін Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен Түркістан облысына барғанда «Ауылда сапалы байланыс болғанша айыппұл сала береміз» деген еді.