Бір аптада қанша қылмыс ашылды?
Бір аптада қанша қылмыс ашылды?

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, бір аптада 3 371 қылмыс тіркелді. Оның 2 145-і ашылды.

Оның айтуынша, полицейлер 10 кісі өлтіру дерегінің ізін суытпай ашқан. «10 кісі өлімі дерегінің мән-жайы анықталды. 5 қарақшылық, 39 тонау, 489 ұрлық ашылды», – деді Нұрділдә Ораз.

Бұған дейін интернет арқылы қаржы жымқыру дерегі көбейгенін жазған болатынбыз.