Автобусқа жол бермей жанталасқан көлік жүргізушісі қайтыс болды
Автобусқа жол бермей жанталасқан көлік жүргізушісі қайтыс болды
112
оқылды

Оқиғаның видеосы Instagram-дағы kris_p_talgar парақшасында жарияланды.

Оқиға Алматы облысындағы Талғар – Ақбұлақ жолында болды. Оқиға орнында 1980 жылы туған ер адам қайтыс болды. Автокөлікте жолаушылар болмаған. Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 8.00-дер шамасында болған.

«Mitsubishi Galant автокөлігінің жүргізушісі ПАЗ-3206 жүргізушісіне жол бермеген. Жол апатынан Mitsubishi Galant көлігінің 41 жастағы жүргізушісі қайтыс болды», – дейді полицейлер.

Тергеу басталды.