50 миллион теңге аударып, абақтыға қамалды
50 миллион теңге аударып, абақтыға қамалды

Тараз қаласының №2 сотының үкімімен  Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының бұрынғы  орынбасары Ғ.А.Ширшинбаев  ҚР ҚК 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, бас бостандығы шектеліп қана қоймай, мемлекеттік қызметтен өмір бойына шеттетілді.

Жалпы  сотталушы 2020 жылдың қыркүйегі мен желтоқсаны аралығында «Жамбыл облысының Мойынқұм және Қордай аудандарындағы уран кен орындарының қалпына келтірілген объектілерінде қоршауды қалпына келтіру және ескерту белгілерін орнату» нысаны бойынша нақты орындалмаған жұмыстар үшін  қабылдау актісіне қол қойып, мемлекетке 50 822 236 теңге залал келтірген. Енді ол 3,5 жылын темірторда өткізеді.

Саятхан САТЫЛҒАН,

 Жамбыл облысы