Жамбылда әйеліне жұдырық ала жүгіретін еркектер көбейді
Жамбылда әйеліне жұдырық ала жүгіретін еркектер көбейді
105
оқылды
Жамбыл облысында жарына жұдырық ала жүгіретін еркектер  көбейген. Өткен жылы 700-ге жуық тұлға әкімшілік тәртіпке тартылып, оның 200-і соттың шешімімен қамаққа алынған. Әйеліне әлімжеттік көрсететіндер  Тараз қаласы мен  Қордай ауданында көп болып отыр.
 – Биылғы жылы 7 әйел 20 баласымен Тараз қаласында орналасқан  дағдарыс орталығына  жүгініп, тиісті көмек алды. Орталыққа келетіндердің дені – күйеуі тарапынан жәбір көру, психологиялық және  сексуалдық зорлық-зомбылыққа тап болғандар. Жалпы зерделеу  көрсеткендей тұрмыстық зорлық-зомбылыққа 25 пен 40 жас аралығындағы әйелдер ұшырауда, – дейді Тараз қалалық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы  Анар Мусаева.
 

Саятхан Сатылған,

Жамбыл облысы