Ақпан айында еліміздегі тұрғын үй бағасы өсті
Ақпан айында еліміздегі тұрғын үй бағасы өсті
147
оқылды
Қазақстанда тұрғын үй бағасы ақпан айында өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
«2021 жылдың қаңтарымен салыстырғанда ақпан айында абаттандырылған тұрғын үйлерді алып- сату бағалары 3,1%-ға, жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 1,2%-ға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,6%-ға жоғарылады», – делінген хабарламада.
Тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруіне тоқталсақ, 2021 жылдың ақпанында жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары өткен жылдың осы айына қарағанда 8%-ға өскен. Абаттандырылған тұрғын үйлерді сатып алу бағалары 20,3%-ға көтерілсе, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 10,7%-ға артқан. 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 2021 жылдың ақпанында 4,2%-ға өскен. Абаттандырылған тұрғын үйлерді алып-сату бағасы 2020 жылы 13,2%-ға өссе, биылғы жылдың ақпанында 8,2%-ға көтерілген. Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,4%-ға өскен.