Қарағандыда ер адамды өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған
Қарағандыда ер адамды өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған
89
оқылды
Қарағандыда денесінде зорлық белгілері бар 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды,– деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  
«5 наурызда  Университет көшесіндегі үйлердің бірінен 36 жастағы ер адамның мәйіті табылды. ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген хабарламада.
Қылмыс жасады деген күдікпен 33 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Күдікті пәтерде ішімдік ішіп отырып, төбелесіп, адамды өлтіргенін мойындады. Тергеу жүргізілуде. Көршілердің айтуынша, қылмыскер ер адамның денесін бөлшектеп, қоқысқа білдіртпей тастауға дайындап қойған.