Оқушылардың көктемгі демалысы қанша күнге созылатыны белгілі болды
Оқушылардың көктемгі демалысы қанша күнге созылатыны белгілі болды
202
оқылды
Елімізде мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 12 күнге созылады, – деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
«Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 20-31 наурыз аралығында – 12 күн болады. 4-тоқсан сабағы 1 сәуірде басталады», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар ведомство мәліметінше, 3-тоқсанда 1 сынып оқушылары үшін қосымша демалыс болды. Ол 8-14 ақпан аралығында 7 күнге созылды. Оқу жылының 3-тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақтала отырып, аралас оқыту (пәндердің 70 пайызын – дәстүрлі форматта, 30 пайызын – қашықтан) форматына көшірілді.