Алматыда интимдік қызмет көрсеткен притон анықталды
Алматыда интимдік қызмет көрсеткен притон анықталды
123
оқылды

Алматыда массаж салонының атын жамылып жұмыс істеген тағы бір жезөкшелер үйі анықталды,– деп хабарлайды Polisia.kz.

Медеу ауданында интимдік қызмет көрсететін жезөкшелер үйі анықталды. Онда жас шамасы 20-дан 33 жасқа дейінгі қыздар ақшалай сыйақы үшін клиенттеріне боди-массаж жасаумен айналысқан.

«Мұндай массаждың құны - шамамен 20 мыңнан 40 мың теңгеге дейін болады. Жеке үйдің ғимаратында алкогольдік ішімдіктерге толы бар және демалыс бөлмелері болған. Жеті қыздың алтауы – Қазақстанның әр облысынан келген, біреуі – Өзбекстан азаматшасы. Мұндай боди-массаж интимдік қызмет түрі деп саналады және жезөкшелікпен теңестіріледі, сәйкесінше мұндай қызмет түрін ұсынушылар базаға жезөкшелікпен айналысатын адамдар ретінде енгізіледі. Жеке басын анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін барлық «массажистер» полиция басқармасына жеткізілді, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

https://www.youtube.com/watch?v=1jTx8vS-Erk