Еліміздегі халық саны 18 897 898 адамға жетті

Еліміздегі халық саны 18 897 898 адамға жетті

Қазақстанда халық саны 18 миллион 897 мың 898 адамға жетті. Өсім 0,11% құрайды. Ұлттық статистика бюросының дерегі осындай. Жалпы былтыр елде 425 мың сәби дүниеге келген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 5%-ке көп. Ал биылғы туу көрсеткіші әлі ресми түрде жарияланған жоқ. Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, жылдық қорытынды сәуір айында белгілі болмақ. Пандемияға байланысты кей елдерде туу көрсеткіші күрт төмендеген. Нақтырақ айтсақ, былтыр Францияда туу көрсеткіші 13%, ал Италияда 21%-ке азайған. Кәрі құрлықтағы бала санының азаюын мамандар жаңа қауіпке теңеді. Ал кей сарапшылар қазір жылдың басы болғандықтан, алдын ала болжам жасау ерте деп отыр.