Жазғы Олимпиада ойындары шетелдік көрерменсіз өтеді
Жазғы Олимпиада ойындары шетелдік көрерменсіз өтеді
Риа Новости порталының хабарлауынша, Жапония билігі Токио қаласындағы жазғы Олимпиада ойындарын шетелдік көрерменсіз өткізу шешімін қабылдады. Токиода 2021 жылдың жазында өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарына шет мемлекеттерден көрермен кіргізілмейді. Жапония билігі бұл шешімді коронавирустың таралу қаупіне байланысты қабылдап отыр.
«Үкімет жапон қоғамының алаңдаушылығы мен көптеген елдерде індеттің бұдан да жұқпалы нұсқаларының анықталу фактісін есепке ала отырып, шетелден жанкүйерлерді қабылдау мүмкін емес деп шешті», – делінген хабарламада.
Токиода жазғы Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында, ал Паралимпиада ойындары 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді.