Семейде 74 жастағы қарияның денесі табылды
Семейде 74 жастағы қарияның денесі табылды
103
оқылды
Семей қаласында із-түссіз жоғалып кеткен 74 жастағы қарияның денесі табылды. Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 наурызда «102» жедел арнасына Ертіс бойындағы көпір маңында ер адамның денесі жатқандығы туралы хабар түскен.
«Марқұмның кім екендігі анықталды. Бұл осыған дейін жоғалып кеткен Семей қаласының тұрғыны Оралбек Өмірғалиев. Оның неден көз жұмғаны әлі белгісіз. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тиісті шаралар қолға алынуда», – деп хабарлады ведомство өкілдері.
1946 жылы туған қария 7 наурыз күні жоғалып кеткен болатын. Үйден белгісіз бағытта шығып кеткен зейнеткерді іздестіру жұмыстарына волонтерлер де тартылған еді.