Жылқы ұрлап, 8 жылға сотталды
Жылқы ұрлап, 8 жылға сотталды

Павлодар облысының тұрғыны жылқы ұрлағаны үшін 8 жылға сотталды. Сонымен қатар үкім оның сыбайласына да шықты. Бірақ ол келтірілген шығынды өтегендіктен, шартты түрде ғана жазасын алыпты.

Баянауыл аудандық сотының баспасөз қызметі мәлімдеуінше, Ерік Тасыбаевтың 2018 жылғы жазда белгісіз адамдармен бірге 18 жылқыны ұрлап әкеткен екен. Шы­­­ғынның жалпы сомасы – 5,6 миллион теңге. Араға жыл са­лып ол жазда тағы бір ұрлық жа­­саған. Бұл жолы іске серіктесімен бірге барған. Олар 2,6 миллион теңгеге бағаланған 7 жылқыны қолды қылған. Іс материалында оқиғаның 2019 жылғы қыркүйекте орын ал­­ғаны айтылған. Содан кейін по­лиция қызметкері Тасы­баевты ұстау үшін үйіне келген. Алайда ер адам қарсылық көр­­сеткен. Бұл тағы бір қылмыстық іс қоз­ғауға түрткі болған. Аудандық соттың ақпараты бойынша, сотталушылардың кінәсі куәгерлердің, жәбірленушілердің айғақтарымен және сараптама қо­­рытындыларымен дәлелденген. Нәтижесінде, Тасыбаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Мұн­дай үкімнің бірнеше қыл­мыс­тар­дың ескеріліп шығарылғаны ай­тылды. Алайда оның сы­бай­ласына 4 жыл сынақ мерзімі берілді. Екін­ші айыпталушының жәбір­лену­шілерге келтірілген шы­­ғынды то­­­­лық өтегені және 5 ба­ланы тәр­­биелеп отырғаны, әйелі­нің өмір­ден өткені ескерілді.

Н.ЕРЖАНҚЫЗЫ