Алаяқтық асқынып тұр

Алаяқтық асқынып тұр

2021 жылғы қаңтарда Қазақстанда 4 мыңнан астам алаяқтық фактілері анық­талды. Олардың көпшілігі интернеттегі алаяқ­тыққа қатысты.

Finprom.kz порталының хабарлауынша, 2021 жылдың бірінші айында алаяқтық фактілері 3 мыңнан астам болған 2020 жылғы қаңтар айымен салыстырғанда бірден 30,9 пайызға артық тір­келді. Оның 43,3 пайызы желідегі алаяқтыққа қатысты. Сондай-ақ төлем карточ­каларын қолдану арқылы 18 жағдай, несие беру саласында 11 бұзушылық және қолма-қол ақ­шамен және жылжымайтын мүлікпен несие беру саласында бір алаяқтық фактісі анықталды. Осы бап бойынша құқықбұзушылықтардың меншікке қарсы үлесі айтарлықтай өсті: 2021 жылы бұл көрсеткіш 37,3% -ды құраған екен. Статистикада келтірілген, оған сәйкес алаяқ­тық істердің 44,1 пайызы үш мегаполиске тиесілі: Алматы (824 жағдай, +4,7%), Нұр-Сұлтан (524 іс, +56%) және Шымкент (433 іс, +33,6%).

Назгүл ЕРЖАНҚЫЗЫ