Алматыда үнді фильмі түсіріліп жатыр
Алматыда үнді фильмі түсіріліп жатыр
5,118
оқылды

Алматыда Gaalipata-2 атты үнді  фильмі түсіріліп жатыр. Екі студент арасындағы махаббатты көрсететін фильмнің екінші маусымы мегаполистің ең әдемі жерлерінде таспаланады.

Телеарналар таратқан мәлімет бойынша, Gaalipata-2 – романтикалық комедияның жалғасы. Бірақ екінші бөлімдегі көріністердің жартысына жуығы Алматы мен Алматы облысында түсіріледі. Фильм режиссері – Йогарадж Бхат. Ол көрерменге Қазақстан таби­ғатының бар сұлулығын көрсету үшін ең әдемі жерлерді таңдап алған. Режиссердің айтуынша, фильм басынан бастап көрерменді қызықтырады. Хикая желісіне келсек, бала кезден бірге өскен достар – Ганеш, Дигант пен Китти бір аруға ғашық болып қалады. Оқиға Үндістанда басталып, Қазақстанда жалғасады. Фильм түсірілімі Шарын шатқалында, Шымбұлақта, 28-панфиловшылар саябағында өткен. Авторлар туындының сценарийін ұзақ уақыт бойы жазған. Басты рөлдегі кейіпкер Вайбхави Шандилья Қазақстанның сұлулығына тәнті болған деседі. Gaalipata-2 романтикалық комедиясының түсірілімі аяқталуға жақын. Фильм  көрерменге жаздың соңында жол тартады.

                           А.АЙДАРҚЫЗЫ