Евсеев пен Попко келесі кезеңге өтті
Евсеев пен Попко келесі кезеңге өтті

Денис Евсеев пен Дмитрий Попко Санкт-Петербор АТР челленджер турнирінің екінші айналымына шықты.

Қазақстан теннис федерациясы­ның мәліметінше, Д.Евсеев бірінші кездесуінде өзбек теннисшісі Важа Узаковпен кездесті. Денис қарсы­ласына бірде-бір гейм бермей, 6:0, 6:0 есебімен ұтты. Тартысты ойын бар-жоғы 33 минутқа созылды. Отан­дасымыз матч барысында алты брейк жасады. Д.Евсеев екінші айналымда отан­дасы, осы жарыстың 2-ракетка­сы Дмитрий Попкомен кездеседі. Қай жеңгені ширек финалда бақ сынайды. Д.Попко болса алғашқы айна­лымда хорват Нино Сердарушичті 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Жүлде қоры 52 080 АҚШ дол­ларын құрайтын турнир  14 наурыз күні аяқталады. Айта кетерлігі, теннис жанкүйер­лері үшін жағымды жаңалық көп. Е.Рыбакина Дубай турнирінің екінші айналымына шықты. А.Буб­лик Доха жарысын жеңіспен бастады.

А.ЖОЛДАС