Азық-түлік себетін таратты

Азық-түлік себетін таратты

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы көпбалалы, жалғызбасты аналарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себетін тарту етті.

Өз кезегінде шарапаты мол осынау іске облыстық, аудандық мәслихаттағы партияның депутаттық фракциясының мүшелері де атсалысып жатыр. Партияның ­ұйытқы болуымен қолға алынған қайырымдылық іс-шара аясында 200-ге жуық жамбылдық отбасына азық-түлік себеті таратылады. Жалпы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың мәселесі «Nur Otan» партиясының назарынан тыс қалған емес. Коронавирус инфекциясының таралуын шектеу мақсатында карантин шаралары енгізілген сәтте де Елбасы, партия Тө­рағасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың бастамасымен басталған BizBirgemiz акциясы аясында «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілер 24 мыңға жуық жамбылдық отбасына азық-түлік себетін жеткізді. Сондай-ақ 33,7 мыңнан аса облыс тұрғыны 50 000 теңгеден алды.

Әбілмансұр ЖАСАН