Коронавирус: 230 адамның жағдайы ауыр

Коронавирус: 230 адамның жағдайы ауыр

Қазақстанда короновирустан емделіп жатқан 230 адамның жағдайы ауыр деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. «10 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 476 адам короновирус инфекциясынан (13 730 КВИ+ және 4 746 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 555 пациент стационарда, 13 921 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 230 адамның жағдайы ауыр; 56 пациенттің жағдайы өте ауыр; 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», – делінген хабарламада.