«Жұмабектің бажасымын»: істің анық-қанығы белгілі болды
«Жұмабектің бажасымын»: істің анық-қанығы белгілі болды

Әлеуметтік желіде 8 наурыз күні жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісінің видеосы жарияланған еді. Қызығы сол ол өзін полиция қыз­меткеріне «Жұмабектің бажасымын» деп айтып, заңға бағынбай кетіп қал­ған. 

Түркістан облыстық Полиция де­пар­таменті өзіндік қауіпсіздік қыз­меті «Жұ­мабектің бажасына» қатыс­ты тексерістің алдын ала нәтижесін жариялады. Дегенмен полиция қызметкері кө­лік жүр­гізушісінің соңынан қуып жетіп, оны тоқ­татқан. Жол ережесін өрескел бұзған «Лада Приора» авто­көлігінің жүргізушісіне екі бірдей әкімшілік хаттама толтырған. Ке­йін­­нен жүргізушіні медициналық куә­лан­дырудан өткізген. Нәтижесінде, көлік жүр­гізушісінің ішімдік іш­пегені анықталды. Қазір оқиға туралы мәліметтер жинақ­талып, Отырар аудандық сотына жолданды. Әрі облыстық Полиция департаменті Жұма­бектің кім екенін де анықтаған. «Отырар аудандық полиция бө­лім­інде Жұмабек Төлеген есімді по­лиция майоры жұмыс істейді. Ол әкім­шілік полиция бө­лімшесінің бас­тығы лауазымында, оның қара­мағына екі қызметкер кіреді. Бүгінде полиция қызметкеріне қатысты Түр­кістан облысы Полиция депар­таменті ӨҚБ тиісті тексеру жұ­мыстарын жүргізіп жатыр», – дейді құқық қорғаушылар. Аталған видео жайын баяндасақ, көлік жүргізушінің түнгі уақытта жолдың қарсы бетіне шыққанын анық байқайсыз. Ал видеоға түсіріп жатқан адам «Шәуілдір, встречка» деп айтады. Кейіннен ол айналма жолға бұрылғанда алдынан пат­рульдік полиция шығады. Бірақ көлік жүргізушісі саспай, полиция қызметкері құжат сұрағанда «Не бо­лды? Мен – Жұмабектің бажасымын. Қазір Жұмабек келеді артымнан. Жұмабекке звондасай»,  – дейді. Көлік жүргізушісінің сөзіне мән берме­ген полицей бейнебақылаудың барын және ешкімге қоңырау шал­майтынын айтады. Көлік жүргізуші де қайтпай, «Әне, «083» келіп тұр, соған барсай, құжат жоқ!» – дейді. Осы сәтте полиция қызметкеріне бір адам жақындап, «Ей, Жұмеке!» деген дауыс  естіледі. Ал көлікте отырғандар   «Шә­уілдір біздікі!» деп кетіп қалады. Көп өтпей Полиция департаменті ке­шірім сұраған «Лада Приора» иесінің ви­деосын жариялады.

Айбике ЖАНАСЫЛ