Нұр-Сұлтан қаласында ауа райына байланысты 16 рейс кейінге қалды
Нұр-Сұлтан қаласында ауа райына байланысты 16 рейс кейінге қалды
122
оқылды
Ауа райына байланысты елорда әуежайында 16 рейс тоқтатылды.
«Күн райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келетін, одан ұшып шығатын бірнеше рейс тоқтатылды. Жолаушылар толық ақпаратты әуежайдың анықтама бөлімінен немесе әуе компанияларының колл-орталығынан біле алады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов.
Елордалық әуежайдың баспасөз хатшысы ұшып шығуы тиіс 6 рейс пен қонуы тиіс 10 рейстің кейінге шегерілгенін айтты.