Алматыда карантин талабы қайта күшейеді
Алматыда карантин талабы қайта күшейеді
123
оқылды

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықованың айтуынша, бүгін қаланың бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарады.

«Қала тұрғындары алдағы мерекелерде серуенге шығады. Бүгін Алматы «қызыл» аймақ қатарына енді. Сол себепті, карантин талабы қайта күшейтіледі», – деді Әсел Қалықова.

Оның айтуынша, кешке Алматының Бас санитар дәрігері коронавирустың таралу қарқынын азайту үшін жаңа қаулыға қол қояды.

Жаңа қаулы қоғамда талқыланып жатыр.