Елордада түрмеден шыққан 400 адамның емін-еркін жүргені туралы ақпарат тарады
Елордада түрмеден шыққан 400 адамның емін-еркін жүргені туралы ақпарат тарады
142
оқылды
Әлеуметтік желіде түрмеде жазасын өтеп жатқан 400 адамның босатылып шыққаны және олардың бәрі қалада емін-еркін жүргені туралы хабарлама тарады. Хабарламада айтылғандай, олар (түрмеден шыққандар) өздерін «кілем тазалаушы» ретінде таныстырады екен.
«Оларды қарапайым адамдардан ажырату қиын, ойында не барын да білмейсің. Сақ болыңыздар!» - делінген жазбада.
Алайда, Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеп, жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығын ескертті.