Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері карантин шаралары туралы қаулыға өзгерістер енгізді
Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері карантин шаралары туралы қаулыға өзгерістер енгізді
5,090
оқылды
Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қаладағы шектеу және карантин шаралары туралы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Оған сәйкес, жабық бассейндер, СПА-орталықтар мен компьютерлік клубтардың жұмыс кестесі өзгертілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, СПА-орталықтар, СПА-салондар, сондай-ақ массаж орталықтары мен кабинеттер күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып және штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып, бірақ қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша 3 келушіден аспайтын режимде жұмыс істей алады. Саунасы бар жабық бассейндердің жұмыс кестесі де штаттық режимде белгіленген. Мұндай өзгерістер компьютер клубтарының жұмысына да әсер етті.
«Ashyq» пилотына қатысатын компьютер клубтарының жұмысына рұқсат етіледі. Келушілер арасында кемінде 1,5 метр қашықтық сақталуы, толымдылығы 50%-дан аспайтын жағдайда, сондай-ақ жұмыс режимін сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін белгілей отырып, 1 келушіге 4 шаршы метр есебінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Тек 18 жастан асқан адамдарға рұқсат етіледі», - делінген құжатта.