Алматыда УАЗ көлігі жанып кетті

Алматыда УАЗ көлігі жанып кетті

Алматы облысы Панфилов ауылында УАЗ көлігі жанып кетті, – деп хабарлайды zakon.kz Алдын ала нұсқа бойынша, газ отынына көшкен УАЗ көлігі өз-өзінен отқа оранған. Өртенген көлік артқа қарай сырғып, қақпаға соғылған. Жақын маңдағы ауылдардан да өртенген көліктің көк түтіні көрінген. Зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар департаменті автокөліктің өртенуіне газдың сыртқа шығуы себеп болғандығын нақтылады. Төтенше жағдайларды жою және 102, 103, 104 жедел қызметтерінің күштері мен құралдары шақырылған орынға дереу жетті. https://youtu.be/wWMfvetZlAo