Теміртауда полицейлер үш бірдей автокөлікті қолды қылған күдіктіні ұстады
Теміртауда полицейлер үш бірдей автокөлікті қолды қылған күдіктіні ұстады
114
оқылды
Теміртаулық полицейлер үш бірдей көлік ұрлаған күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 27 ақпан күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 24 жастағы қала тұрғыны шағымданған. Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне өзінің автокөлігін жұмыс орнындағы тұрақта қалдырғанын, алайда жұмыс ауысымы біткенде оны қойған жерінен таба алмағанын айтқан. Оған келтірілген шығын көлемі 980 мың теңгені құраған. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұрланған көлікке іздеу жарияланған. 8 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы азамат ұсталды. Ұсталған адам қылмысын мойындады. Одан автокөлік тәркіленіп алынып, иесіне қайтарылды. Полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың осыған ұқсас тағы да екі қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Тергеу амалдары жүргізілуде.