Бүгін ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр, қар жауады. Түнде оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда нөсер жауын жауады.
Тек қана батыста күндіз антициклон әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, жел күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысында бұрқасын болып, тұман түседі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с болады. Ақмола облысында көктайғақ болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі, кей жерлерде жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с болады. Алматы, Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді. Павлодар облысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, кей жерлерде жел секундына 15-20 жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с болады. Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Қызылорда облысында көктайғақ болады, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түркістан облысында түнде тауда тұман түседі, кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысында тұман түседі, түнде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды. Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын болып, жел 18 м/с жылдамдықпен соғады. Маңғыстау облысында көктайғақ, Атырау облысында тұман болады.