Жол бермегені үшін пышақтаған: Ақмолада екі адам ауруханаға түсті
Жол бермегені үшін пышақтаған: Ақмолада екі адам ауруханаға түсті
170
оқылды

Жол үстінде келе жатқан екі ауыл адамына пышақ ала жүгіріп, жарақаттаған адам Солтүстік Қазақстан облысының 24 жастағы тұрғыны болып шықты,– деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

«Оқыс оқиға 9 наурызда Зеренді ауданы Гранитный ауылының тұсындағы автожолда түнгі уақытта болған. Қар құрсаулаған жолдың бір ғана көлік сыятын аршылған тұсында жүргізушілердің екеуі де бір-біріне жол бергісі келмеген. Өзара дауласып қалған жүргізушілердің жанжалы төбелеске ұласқан. Ақыры пышақ жарақатымен тынды. Пышақ салынған екі адам түрлі деңгейдегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді,– дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің  106-бабымен (Денсаулыққа қасақана ауыр залал келтіру – ред.) сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіні қамауға алу туралы процессуалды шешім қабылданған.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы