Қазығұртта қайтыс болған әкесінің зейнетақысын заңсыз алып отырған тұрғын ұсталды
Қазығұртта қайтыс болған әкесінің зейнетақысын заңсыз алып отырған тұрғын ұсталды

Қазығұрт аудандық Полиция басқармасына аудан прокуратурасынан келіп түскен құжаттарда заңсыз зейнетақы алған тұрғынға қатысты деректер бар, – деп жазады polisia.kz.

Жергілікті тұрғын қайтыс болған әкесінің зейнетақысын заңсыз алып келген. Ол зейнетақыны алуға мүмкіндігі жоқ екенін біле тұра, екі жыл үш ай заңсыз зейнетақы алып, мемлекетке 1 200 мыңнан астам теңге шығын келтірген. Полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады. Ер адам өз кінәсін мойындады. Мемлекетке дүниеден өткен әкесінің атынан алып отырған қаржыны қайтарды.

Бұған дейін Оралда зейнетақысын алуға барған тұрғын өзінің тірі екенін 10 жылдан кейін дәлелдегенін жазған едік.