Қазақстанда -30 градус аяз болады

Қазақстанда -30 градус аяз болады

Синоптиктер 12 наурызға арналған ауа-райы болжамын жариялады.

Ертең синоптиктердің болжамына сәйкес, Қарағанды, СҚО, Павлодар және Ақмола облыстарында ауа температурасы түнде -30 градусқа дейін төмендеп, аяз күшейеді, – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
12 наурызға қараған түні Қарағанды, СҚО, Павлодар және Ақмола облыстарында бұрқасын болады деп күтіледі. 12-13 наурызда кей жерлерде тұман түсіп, ұйытқыған жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойысып, бұрқасындатады, желдің екпіні 25 м/с құрайды.