Қазақстанда колледжде оқу мерзімі қысқартылады
Қазақстанда колледжде оқу мерзімі қысқартылады
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына академиялық дербестік беріледі,– деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметі.
"Колледждерде оқытылатын білім бағдарламалары жұмыс берушілердің қатысуымен жетілдіріледі, жаңартылады және нарықтағы сұраныс пен талаптарға сәйкес икемделеді. Соған сәйкес, Қазақстанда колледждер студенттердің оқу мерзімін өз бетімен анықтай алады",– делінген хабарламада.
– 9-сыныптан кейін колледжге оқуға түскен студенттер үшін оқу мерзімі бұрынғыдай үш жарым жыл емес, екі жылға дейін қысқарады. – 11-сыныптан кейін колледжге түскендер үшін оқу мерзімі екі жарым жыл емес, 1,5 жылды құрайтын болады. – колледждердегі білім беру грантының көлемі кезең-кезеңмен ұлғаяды. Биыл "Жас маман" жобасы аясында 180 колледждің инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары аяқталады. Жобаның қорытындысы бойынша әрбір өңірде материалдық-техникалық базасы, жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламалары бар кемінде 7 заманауи колледж жұмыс істейтін болады.