Ақмола облысындағы ауыл мектебінде су қазандығы жарылды

Ақмола облысындағы ауыл мектебінде су қазандығы жарылды

Бүгін күндізгі сағат 13:10-да Аршалы ауданының Бұлақсай ауылында қатты қайнаған мектептің жылыту жүйесінің қазандығы жарылды,– деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
Мектепте жарылыс болғаны туралы хабар «112» шұғыл телефон нөміріне хабарланған.
«Абай атындағы орта мектепте болған жарылыстың салдарынан қазандық орналасқан бір қабырға түгелдей опырылып түскен. Абырой болғанда құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ»,– деп хабарлады Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ақмола облысы білім басқармасының мәліметінше, аталған мектепте 114 оқушы білім алады. Ал жарылыс болған сәтте олар қашықтан оқытылып, мектепте ешкім болмаған. Қазір Ақмола облысы полиция департаменті оқиғаға қатысты тексеріс жүргізуде

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы