Ақмола облысында 3 жасөспірім қаскөй зорламақ болған әйелді құтқарды
Ақмола облысында 3 жасөспірім қаскөй зорламақ болған әйелді құтқарды
5,080
оқылды
Ақмола облысының Ақкөл қаласында үш жасөспірім 56 жастағы ер адам зорламақшы болған әйелді қаскөйден құтқарып қалды. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 наурызда теміржолдың бойымен жұмыстан үйіне келе жатқан әйелге күдікті шабуыл жасаған. Ер адам әйелді соққыға жығып, зорламақшы болды. Осы кезде сол маңнан өтіп бара жатқан 14, 17 және 18 жастағы жасөспірімдер әйелдің жанайқайын естіп, көмекке ұмтылды. Жасөспірімдер полицияға қоңырау шалып, көмекке шақырған.
«Әйелді зорламақшы болған күдікті оқиға орнынан қашып кетті. Алайда, полиция оны ізін суытпай қолға түсірді. Жасөспірімдер мен зардап шегуші қаскөйді бірден таныды»,– делінген хабарламада.
Күдікті – Ақкөл қаласының бұрын сотты болған 56 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің «Зорлау әрекеті» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.