Атырауда 54 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр
Атырауда 54 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр
90
оқылды
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша WDC ЖШС-де күзетші болып жұмыс істеген Т. Оразалиев 6 наурызда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
 «Департаменттің диспетчерлік пультіне 10 наурызда Атырау қаласының тұрғынынан 1967 жылы туған Т.Оразалиевтің 6 наурызда сағат 19.00-де үйден жұмысқа шығып, осы уақытқа дейін қайта оралмағаны туралы хабар түсті. Жоғалған азаматты іздестіруге 10 наурызда жедел құтқару жасағының 7 қызметкері, 4 кинологиялық есеп пен 4 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, еріктілермен (4 адам мен 2 техника) бірлесіп Бірлік, Ақсай, Жұлдыз-3 елді мекендерінде іздестіру басталды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
11 наурызда сағат 08.00-де іздестіру жұмыстары қайта басталып, оған жедел құтқару жасағының 10 қызметкері, жоғалып кеткен азаматтың 10 туысы тартылды.