Жалған дипломмен сабақ берген 2 мұғалім анықталды
Жалған дипломмен сабақ берген 2 мұғалім анықталды
240
оқылды
Ақмола облысында колледж басшысы екі мұғалімнің жалған дипломмен сабақ беріп келгенін анықтап, полицияға хабар берген. Полиция қызметкерлері облыстағы ауылдардың бірінен жалған дипломмен сабақ берген 48 және 49 жастағы екі мұғалімді анықтады.
«Педагогтардың үстінен Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлігі «жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік награданы қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар өз кінәсін мойындады. Әйелдердің осы құжаттармен 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келгені анықталды», – деді департаменттен.