Әлемді келешекте не күтіп тұр?
Әлемді келешекте не күтіп тұр?
Түрлі банктер мен компаниялар болашақта болуы мүмкін қауіп-қатердің алдын алу үшін сарапшыларға тапсырыс беріп, келешекке болжам жасатады. Әрине, жұлдызшыға жүгі­ніп, жауырыншы шақырмайды. Қазіргі тренд, процес­тер­­дің алдағы уақытта кең таралуын бағалайды, басқа да әдіс­терді қолданады. Жыл сайын түрлі болжам жасап, әлем­­ді елең еткізетіннің бірі – Германияның Deutsche Bank-ы. Биыл анау-мынау емес, 2030 жылға дейін жаһан­ның алға жылжу сценарийін жазыпты. Сонымен, әлемді не кү­тіп тұр? Валюта. Болжамды жасаған банк өкілдері болғандықтан, олар­дың назары алдымен ақшаға түскені – заңдылық. Оларға сен­сек, алдағы уақытта алтын не кү­­міс­ке негізделмеген валюталар әлсіреп, криптовалютаға сұра­ныс артады. Бұл болжам шын­дық­қа жанаса ма? Алтынмен бекі­тілмеген нөмірі бірінші ва­лю­­та – доллар. Бұл 1971 жыл­дан бері қалыптасқан жағдай және әлемдік саудадағы доллар­дың үлесі – 63 пайыз. Яғни, бұл валю­та әлі де өте жоғары сұра­ныс­та. Ке­йінгі орындағы евроның әлем­­­дік төлемақыларда­ғы орны 3 есе аз, 20 пайыз ғана. Сондық­тан алдағы 10 жылда алтынға не­гіз­делмесе де, долларға сұра­ныс азаяды де­генге сену қиын. Ал криптовалютаға келсек, алдағы декадада оның қолданыс аясы кеңеюі әбден мүмкін. Банк өкілдері криптовалюталардың кең қолданысына Қытай мен Үндістан түрткі болады дейді. Се­бебі жыл өткен сайын элек­трон­ды сауда үлесі артып барады. Онлайн-сауда гиганттары Amazon және Alibaba дүниежүзіндегі ең бай компанияның біріне ай­нал­ды. Олар клиенттердің ың­ғайы үшін криптовалютаны қол­данысқа рұқсат берсе, оның құны да артуы ғажап емес. Мә­се­лен, атақты криптовалю­та­ның бірі - биткоинның қазіргі таңда­ғы құны 9 700 доллар не 3 млн 700 мың теңге. Ал осыдан 10 жыл бұ­рын оның бағасы 1 долларға да жетпеді. Айтпақшы, сөз болған Қытайда WeChat мессенджері арқылы кез келген жерде төлем жүр­гізуге болады. Егер бұл қыз­мет әлемге тараса, онда банктер шы­ғаратын пластик карталар ешкімге қажет болмай қалады деген пікір де жазылыпты. Қазір­дің өзінде қазақстандықтар Kaspi Gold арқылы мобильдік қо­сым­шадан төлем жасап жүр емес пе? Технология. Deutsche Bank өкілдерінің ойынша, алдағы онжылдықта электрокөліктер кең таралады. Алайда автономды режимдегі жүргізушісіз көліктер емес, олар 10 жылда да коммер­циа­­лизация деңгейіне шыға ал­май­ды. Сондай-ақ бізді дрон­дар заманы күтіп тұр екен. 2030 жыл­ға қарай тек АҚШ-тың аспа­нын­да 6,5 млн дрон ұшатын көрінеді және олардың көптігі мемлекет­тік реттеуді талап ететін болады. Ал енді бұл сөздердің «жаны» бар ма? Сөз басында айтқандай, қа­зір­гі трендтерді бақылап-ақ, бола­шақтың «тамырын басуға» бола­тын секілді. Мәселен, 2019 жылы батареямен жүретін көлік саны әлемде 5,6 млн-ға жеткен. Әрине, бұл жанармай жағатын көліктердің санымен салыс­тыр­са, мардымсыз, бар болғаны 2,5 пайыз. Алайда Норвегия, Қытай, АҚШ-та электромобильдердің саны ерекше қарқынмен артып барады. Жер-жерде мұндай кө­лік­терге қуат беретін стансалар да салынып жатыр. Ал көлік на­ры­­ғына 2008 жылы кіре баста­ған Tesla – қазір әлемдегі ең қымбат көлік компанияларының бірі. Тізілген көрсеткіштің барлығы да электромобильдің болашағы зор екенін көрсетеді. Жасанды интеллект. Бұл техно­логияның келешегі жарқын екені қазір көпке мәлім. Алайда сарап­шылар жасанды интеллект өз дамуында екі мәселеге қатыс­ты қиындық көреді дейді. Ол – этикалық шешім қабылдау және адамгершілік тақырыбындағы сұрақтарға жауап беру. Сондық­тан бұл сала одан ары даму үшін философия және лингвистика мамандары сұранысқа ие болуы мүм­кін. Оның бір себебі – жа­сан­ды интеллект сұрақтарға жа­уап іздегенде түрлі тілдердің ерек­­шелігін, жауаптың мораль­дық жағын да ескеруі қажет. Популистер заманы. Бай мен кедей арасындағы алшақтықтың артуы, баспана бағасының қым­бат­тауы, мигранттарға деген теріс көзқарас – мұның барлығы жастардың популист саясат­кер­лерді қолдауына, сәйкесінше олардың билікке келуіне әкеп соғады. Бұл – Deutsche Bank-тың саяси болжамы. Алайда ол қазір бір­неше мемлекетте болып жат­қан тенденция. АҚШ-та Дональд Трамптың мигранттар­дан қор­ғану үшін Мексикамен орта­дағы шекарада қабырға саламын деп уәде беруі, Британияда Борис Джонсонның Брекситке нүкте қоямын деп жар салуы, Италияда «Бес жұлдыз», «Солтүстік ли­га­сы» партияларының миг­рант­тарды депортациялау жайлы бағдарламасы – оларды халық арасында танымал етіп, үкімет басына келуіне жағдай жасады. Яғни, қоғам өз билігінің шектен тыс либералдануына, шекараны айқара ашып тастағанына нара­зы болды және кезекті сайлауда билік ауысты. Неміс банкінің өкілдеріне сенсек, бұл құбылыс жылдам жүруі мүмкін. Алайда Трамптың қабылдаған шешімдері қаншалықты күмәнді болғанын көрген сайлаушылар келер жолы дауыс бергенде популистерді қолдау алдында бірнеше қайыра ойлануы мүмкін. 6 сағаттық жұмыс күні. Қо­ғам­да қарт кісілердің көбеюі жа­ңа тенденцияға ұласуы мүм­кін. Ол – жалдамалы жұмыс­шы­лар ұстанымының нығаюы, се­бе­бі жас қызметкерлер саны азая бермек. Олар өзінің «құнын» түсі­­ніп, кәсіподақтар арқылы жұ­мыс берушілерге қоятын шарт­тарын көбейте бастайды. Сондай талаптың бірі – жұмыс күнін 6 сағатпен шектеу болуы ға­жап емес. Егер естеріңізде бол­са, бұған дейін аптасына 4 күн жұмыс істеу режиміне көш­кен компаниялар жайлы жазыл­ған еді. Яғни, сонау трейд – юнион­дар­дың жұмысшы құқы үшін күрескен қозғалысы келешекте де еш кетпейтін секілді. Ал бол­жам­­шылар 6 күндік жұмыс күні­нен жұмыс берушілер де ұтады, өйткені қызметкерлер сирек ауырып, жұмыс өнімділігі артады дейді. Әрине, бұл идея айтылған­ға әдемі естілгенімен, компания басшылары оған жаппай өте қояды дегенге сену қиын. Себебі олар үшін компанияның бір күн жұмыс істемеуі үлкен шығын. Оған қоса, еңбек нарығындағы өзгерістерді біраз елдің үкімет мүшелері қолдаған жоқ. Соның бірі – Қазақстан. Жалпы, келешекке болжам жа­сау – күрделі іс. Оның орын­далу не орындалмау мүмкіндігі 50:50. Алайда Deutsche Bank құ­жатына қарасақ, олар футуро­ло­гия­ға берілмей, қазіргі әлемдік тен­денциялардың жалғасын жа­зып шыққандай.   Нұрмұхамед БАЙҒАРА