Каспий қираған кемелерден тазартылады
Каспий қираған кемелерден тазартылады

Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Сенат отырысында сот жүйесі мен Каспий теңізіне қатысты мәселелер талқыға салынды. Мемлекет судьяларға деген ел сенімін арттыруға тырысады. Осы мақсатта Сенат сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша қолданыстағы заңға түзетулер топтамасын қабылдады. Құжат «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» конституциялық заңға, Әкімшілік құқықбұзушылық кодекске және өзге заңнамалық актілерге сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Жаңа заңға қатысты пікір біл­дірген Мәулен Әшімбаев Мем­лекет басшысы VII шақы­рылым­дағы Парламенттің І сессиясының ашылуында белгілеген міндеттерге назар аудартты. Ел Президенті сот жүйесі жабық жүйе болмауы тиіс­тігін және оны жаңғырту қажет еке­нін айтты. Сондықтан жаңа заң­дар арқылы білікті мамандарды Жоғарғы Соттың құрамына тарту мүмкіндігі кеңейтіледі. – Биылғы 1 шілдеден бастап елімізде әкімшілік юстиция инс­титуты өз жұмысын бастайды. Со­ның аясында азаматтардың құ­қығын қосымша қорғайтын жаңа кепілдіктер мен тетіктер қолға алы­нады. Осы институттың әлеуе­тін толықтай қолдану үшін Жо­ғарғы Сотта жаңа әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрылады. Жал­пы, осы заңдар сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге және оның тиімділігін арттыруға оң әсерін тигізеді деп сенеміз, – деді Мәулен Әшімбаев. Мәселен, біріншіден, азамат пен меморган арасындағы дау­лар­ды шешу үшін әкімшілік юсти­ция институты енгізілмек. Бұл құ­ры­лым сот және құқық қорғау жүйе­лерін одан әрі реформалау үшін қажет. Заң жобалары сот жүйесін қай­та құрылымдауға бағытталған. Атап айтқанда, Жоғарғы Сот пен об­лыс­тық соттардың жаңа сот алқа­ларын құруды, Жоғарғы Сот төрағасы мен Жоғарғы Сот судьясы лауазымына үміткерлерге қойылатын талап­тарды өзгертуді көздейді. Заң жоба­лары дауларды қараудың инстан­салық тәртібін қайта зерделеуді, азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізу аясында инвесторлар қа­тысатын дауларды толыққанды 3 сатылы жүйесіне ауыстыруды қа­­­растырады. Сенат осы отырыста тиісті заң жобасын қабылдап, Суға батып кет­кен кемелерді жою туралы 2007 жылғы Найроби халықаралық кон­венциясын ратификациялады. Ин­­­­­дустрия және инфрақұры­лым­дық даму министрі Бейбіт Атам­құ­­ловтың айтуынша, конвенцияға 53 мемлекет қосылды. Айтпақшы, Қа­­­­зақстанда бұл халықаралық ке­лісім бір жерде ғана, Каспий теңі­зінде қолданылады. Каспий бойын­­ша көршілеріміз арасында тек Иран оны ратификациялады. Ресей және Әзербайжан биылғы 2021 жылы қосылуды жоспарлап отыр. «Конвенцияның негізгі мақ­са­ты – суға батқан кемелерді теңіз­ден тез әрі тиімді шығарып тастау, апат салдарын жоюдың бірыңғай қағи­далары мен рәсімдерін енгізу. Кон­венцияда теңіз апаты салдарынан бол­ған залалды қаржылай өтеуді ке­пілдендіреді, бұл үшін кеме иесі­нің және ол туын көтерген мемле­кеттің міндеттері бекітілген. Кас­пий теңізінде кеме қаты­насының артуына байланысты конвенцияны ратификациялау қажеті туындап отыр. Бұл ретте Қазақстан – негізгі жүк құраушы мемлекет. Каспий теңізіндегі барлық жүктің шамамен үштен бірі – 31%-ы Ақтау және Құрық порттарына тиесілі!» – деді министр. 2020 жылы Иран Каспий жаға­лауындағы порттарында жаңа авто­мобиль-паром қатынасын ашып, тұрақты контейнерлік же­ліні іске қосты. – Біз Транскаспий халықаралық көлік дәлізін белсенді түрде дамы­тып келеміз. Жалпы алғанда, 2025 жыл­ға қарай Қазақстанның порт­тары арқылы жүк көлемін 10 млн тоннаға дейін жеткізу жоспар­ла­нуда. 2020 жылы 5,4 млн тонна бол­­ды. Осы жағдайда порттарға кіре­­тін кемелер саны екі есеге ұл­ғая­­­ды: 2020 жылы кемелер 1 283 рет кірді. Тиісінше,. теңіз апаттарының болу қаупі ар­тады, – деді Б.Атам­құлов. 2018-2020 жыл аралығында Каспийде 17 кеме апаты болған. Со­­ның ішінде 10 апат шетелдік кемелерге қатысты: 71%-ы Иран кеме­лері. Ал қазақстандық порт­тарға кіретін кемелердің орташа «жасы» 30 жылдан асқан, яғни көнерген.

Елдос СЕНБАЙ