Ұлыбритания қазақ елін қолдайды
Ұлыбритания қазақ елін қолдайды

Қазақ елі мен Британ патшалығы арасында бірнеше ғасыр бұрын байланыстар болғанын архивтік құжаттар дәлелдейді. Дегенмен Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана екі ел арасындағы қарым-қатынас жаңа деңгейге шықты. Мәжілісте палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Майкл Гиффордпен кездесті.

Жүздесушілер екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Жалпы, келесі 2022 жылы Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы дип­ломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толады екен. Аталған жайтқа мән-маңыз бере кеткен Мәжіліс Спикері осы жылдар ішінде елдер арасында сенімді саяси диалог орнағанын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастық­тың белсенді дамығанын атап өтті. Кездесу барысында палата Тө­­­ра­ғасы Қазақстанның Тұң­ғыш  Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ-британ ынтымақтастығын нығайтуға қос­­қан үлесі елдер арасындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңіне шығуға мүмкіндік бергеніне на­зар аударды. Н.Нығ­­­­мату­лин­нің айтуынша, қазір қос мемлекет арасында жаңа стра­тегиялық әріптестік және ын­тымақтас­тық туралы ке­лісімді қабылдау үшін белсенді жұмыс жүр­гізілуде. Өз кезегінде Майкл Гиффорд екі­­­­жақты қарым-қатынастың деңгейін жоғары бағалап, экономикалық серіктестік пен пар­ламентара­­­лық байланысты дамытудың маңыз­­­дылығына тоқ­талды. Сондай-ақ елші Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев жүргізіп отырған жаңа реформаларды қол­дайтынын жеткізді. Нұрлан Нығматулин мен Майкл Гиффорд қазақстандық және британдық парламентшілер арасындағы диалогті жандандыру екі ел үшін де тиімді боларына сенім білдірді.

Е.СЕНБАЙ